Алматыда ПД бастығы Бостандық ауданындағы полиция жұмысына баға берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов аудандық полиция басқармаларын аралау жұмыстарын жалғастырды.

     Жұмыс сапары барысында Бостандық аудандық полиция басқармасына барып, басқарманың басшылық құрамымен жедел-қызметтік жағдайды, жұмыстың басым бағыттарын және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша басқарма басшылығына профилактикалық жұмысты күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

     Департамент бастығы бұқаралық демалыс орындарындағы қала тұрғындарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Аралау барысында ол Бостандық ауданында орналасқан белсенді және отбасылық демалысқа арналған заманауи қоғамдық кеңістік – жаңа Flow Park аумағын көрді. Саябақта спортпен айналысуға және серуендеуге арналған аймақтар қарастырылған. Ол қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа демалыс орнына айналып келеді.

— Мұндай орындар жайлы ғана емес, әрбір келуші үшін қауіпсіз болуы тиіс. Мұнда құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, балалар мен отбасылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу маңызды. Полиция халық демалып, бос уақытын өткізетін орындарда көзге көрініп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек, — деді Айдын Кабдулдинов.

     Аралау қорытындысы бойынша жауапты бөлімшелерге нысан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1281702?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді