26–28 тамыз аралығында Темір ауданында өңір жастарын біріктірген «Ауыл LIFE» облыстық жобасы өтуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үш күнге жоспарланған жоба барысында жастар ауыл өмірінің тыныс-тіршілігімен танысып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, еңбек пен өнердің түрлі бағыттарында өзара бақ сынауда.

📍 Бірінші күн – «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ: ТЕМІР ӨЛКЕСІ» Шұбарқұдық кентінде басталған алғашқы күн Досжан Хазірет мемориалдық кешені мен аудандық музейге саяхаттан басталды. Жастар ақын Ершат Қайболдинмен кездесіп, қамшы өру, тері өңдеу, кесте тігу, ұршық иіру және құрақ құрау бойынша шеберлік-сыныптарға қатысты. Күн соңында Quiz ойыны мен ашық аспан астындағы кино көрсетілімі ұйымдастырылды.

🌾 Екінші күн – «ДӘСТҮР МЕН ЕҢБЕК – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ» Жоба Қопа ауылында жалғасын тапты. Қатысушылар ауылдың күнделікті еңбек тіршілігіне белсенді араласып, мал қарау, қора тазалау, сиыр сауу, сепаратор тарту, айран ұйыту, қой қырқу, шөп жинау, ағаш жару, құрт жасау, тары түю және май шайқау сынды еңбек түрлерінен сайыстарға қатысты.

🐎 Сонымен қатар ат ерттеу, бие сауу, табаға нан жабу және ұлттық ойындар бойынша жарыстар өтті. Күн соңында жастар үшін тимбилдинг пен гитара сүйемелдеуіндегі шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

🥩 Үшінші күн – «АУЫЛ ЕҢБЕГІ – ШЫДАМ МЕН ШЕБЕРЛІКТІҢ МЕКТЕБІ» Бүгін, 28 тамызда, жобаның қорытынды күні Қопа ауылында өтуде. Қатысушылар мал сою, ішек-қарын аршу, жіліктеу және бауырсақ пісіру бойынша өз шеберліктерін сынауда.

🏆 Жоба соңында салтанатты жабылу рәсімі өтіп, белсенді қатысушылар марапатталады.

✨ «Ауыл LIFE» – ауыл өмірінің шынайы тынысын сезінуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, еңбек мәдениетін танып-білуге және жастар арасындағы бірлікті нығайтуға мүмкіндік беретін тағылымды жоба.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1281739?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді