Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғам мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік секілді құндылықтарды сіңіру.

Шара барысында көрермен назарына сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсерін ашып көрсететін театрландырылған қойылым ұсынылды. Көрініс арқылы жемқорлық әрекеттерінің адам тағдырына, қоғамның тұрақтылығы мен мемлекет дамуына кері ықпалы бейнеленіп, заң талаптарын бұзудың салдары көрсетілді.

Театрландырылған қойылымның ерекшелігі – маңызды тақырыпты көркемдік тәсіл арқылы жеткізіп, көрерменге ой салуында. Кейіпкерлердің әрекеті арқылы парақорлық пен заңсыздықтың соңы жауапкершілікке әкелетіні көрсетіліп, әр азаматтың заң талаптарын сақтауы қажеттігіне назар аударылды.

Сонымен қатар іс-шара барысында адал еңбек ету, өз міндетіне жауапкершілікпен қарау, заңды құрметтеу және қандай да бір заңсыз әрекетке жол бермеу мәселелері кеңінен насихатталды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осы бағыттағы түсіндіру және алдын алу жұмыстары азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, жемқорлыққа қарсы қоғамдық иммунитетті күшейтуге ықпал етеді.

Іс-шара қорытындысында қатысушыларға қоғамдағы адалдық пен парасаттылықтың маңызы түсіндіріліп, жемқорлықсыз болашақты қалыптастыру әр азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1281738?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді