
2026–2027 оқу жылының басталуына байланысты жасөспірімдердің жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдары мен балабақшаларға іргелес аумақтарда жол қауіпсіздігі шаралары күшейтілді.
Атап айтқанда, мектептер мен балабақшалар маңына «Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам», «Жаяу жүргіншілер өткелі», «Жасанды жол кедергісі», «Абайлаңыз, балалар!» жол белгілері орнатылып, көлік қозғалысының жылдамдығын 40 және 20 км/сағ дейін шектеу енгізілді.
Қала бойынша 425 жаяу жүргіншілер өткеліне көріну деңгейі жоғары СИ-5 үлгісіндегі жол белгілері орнатылды.
Сонымен қатар, стандарт талаптарына сәйкес, жалпы ұзындығы 7 788 метрді құрайтын жасанды жол кедергілері орнатылды.
Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жолақтары қайта сызылып, жаңартылды.
Аталған жұмыстардың барлығы оқу жылы басталған кезеңде балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1281756?lang=ru

Жауап қалдыру