
Абай атындағы оқушылар орталығында Қазақстан шахмат федерациясы және облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен «Senat Open» ІІ ашық Кубогының іріктеу туры өтті.
Жарысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен БАҚ өкілдерінен 60 адам қатысты.
Жарыс жеңімпаздары жеке және командалық есепте анықталды. «Ең үздік команда» номинациясы бойынша ІІІ орынды Жылыой, ІІ орын Құрманғазы ауданы алса, Атырау қаласы І орын иеленді. Сонымен қатар қатысушылар «Senat Open» II Ашық кубогының іріктеу кезеңіне қатысқан депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, 60 жастан асқан ойыншылар және әйелдер арасындағы үздік ойыншылар арнайы номинациясымен марпатталды.
Іріктеу нәтижесінде үздік шыққан 35 шахматшы Орал қаласында шілде айында өтетін Батыс аймақтық жартылай финалында бақ сынайды. Республикалық финал Астана қаласында тамыз айында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/982286?lang=kk

Жауап қалдыру