ҚАРАҒАНДЫДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталыққа барды. Ведомство басшысы балалардың тұрмыс жағдайын, оларды оңалту және әлеуметтік ортаға бейімдеу жұмыстарының ұйымдастырылуын көріп, орталық мамандарының қызметімен танысты.

Мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы балаларды тұрақты орналастыруға және күндізгі жартылай стационарлық түрде қабылдауға арналған барлығы 170 балаға орын қарастырылған. Қазіргі уақытта орталықта 116 бала тұрып жатыр. Балаларға олардың жеке қажеттіліктеріне қарай жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мамандар балалардың өздігінен әрекет етуіне, күнделікті тұрмысқа бейімделуіне және қажетті дағдыларды қалыптастыруына көмектеседі:
🔹 әлеуметтік-медициналық,
🔹 әлеуметтік-психологиялық,
🔹 әлеуметтік-педагогикалық,
🔹 әлеуметтік-мәдени,
🔹 әлеуметтік-экономикалық,
🔹 әлеуметтік-құқықтық қызметтер ұсынылады.

Министр орталықтағы балаларға арналған бөлмелерді, оқу сыныптары мен оңалту орындарын аралап көрді. Сондай-ақ балаларға көмек көрсететін мамандардың жұмысымен де танысты.

«Әр баланың қажеттілігі әртүрлі, сондықтан оларға жеке тәсіл қажет. Баланың қабілетін дамытуға, өзіне-өзі қызмет етуіне және қоғамға араласуына қолдау көрсету маңызды. Арнайы әлеуметтік қызметтердің барлық түрі баланың өмір сапасын жақсартуға және оның дамуына бағытталуы керек», – деді Асқарбек Ертаев.

Сапар барысында оңалтудың техникалық құралдарын қайтару тетігін енгізуге бағытталған пилоттық жобаға да ерекше назар аударылды. Оны іс жүзінде сынақтан өткізу жұмыстары 2026 жылдың 1 шілдеден бастап Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарында басталған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1281765?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді