
Еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі және еңбек саласында кемсітушілікке жол бермеу.
Егер адамда мүгедектік болса, бұл оны жұмысқа қабылдаудан бас тартуға, еңбек жағдайларын нашарлатуға немесе еңбек құқықтарын шектеуге негіз болмауы тиіс. Мүгедектігі бар қызметкер басқа қызметкерлермен тең дәрежеде барлық негізгі еңбек құқықтарына ие.
Қызметкердің қауіпсіз жұмыс орнына, еңбек жағдайлары мен кәсіптік тәуекелдер туралы ақпарат алуға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бойынша оқудан өтуге, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ заңнама талаптары бұзылған жағдайда өз құқықтарын қорғауға құқығы бар.
Жұмыс беруші үшін бұл мүгедектігі бар адамды жұмысқа орналастыру оның жеке мүмкіндіктері мен медициналық ұсынымдарын ескере отырып, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасаумен қатар жүруі тиіс дегенді білдіреді.
Еңбек жағдайларын айқындау кезінде жұмыс беруші медициналық ұсынымдарды ескеруге міндетті. Егер қызметкерге белгілі бір жұмыс режимі, дене жүктемесін шектеу немесе басқа да арнайы жағдайлар ұсынылса, олар сақталуы тиіс.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін заңнамада қысқартылған жұмыс уақыты – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты көзделген.
Жұмыс орнын ұйымдастыруға ерекше назар аудару қажет. Ол қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып жабдықталуы және қажет болған жағдайда адам өзінің еңбек міндеттерін қауіпсіз әрі толыққанды орындауы үшін бейімделуі тиіс.
Осылайша, жұмыс берушінің міндеті – мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қауіпсіз, толыққанды және тең еңбек ету үшін нақты жағдайлар жасау қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1281792?lang=ru

Жауап қалдыру