Заңнамаға өзгерістер енгізу
Халықты әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін, ашықтығын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру аясында мемлекеттік қызметтерді алушылар арасында әлеуметтік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Еліміздің барлық өңірлеріндегі осал санаттар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін біріздендіру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы 89-тармақты орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін айқындау және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары аяқталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызудың келесі 3 негізі алып тасталды:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы және пробация қызметінің есебінде болуы;
егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмауы;
жетім болуы және ата-ана қамқорлығының болмауы.
Сонымен қатар, қосымша әлеуметтік көмек түрлері ақшалай көмек нысанында біріктірілді, атап айтқанда:
ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүру шығындарын өтеу;
емделуге және сауықтыруға арналған көмек. ақпарат
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/1281813?lang=ru

Жауап қалдыру