2026 жылғы 27 тамызда Департамент басшысының орынбасары А. Муканова Орал қалалық № 5 емханасының дәрігерлеріне «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары және мүгедектіктің негізгі мәселелері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібі, негізсіз жолдамалардың себептері, проактивті сырттай куәландырудың сапасын арттыру, сондай-ақ оңалтудың техникалық құралдарына, жеке көмекші қызметіне және санаторийлік-курорттық емделуге қатысты медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер түсіндірілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Дилдаш Салауатовна Искаковамен бірлесіп, облыста мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту жобасының іске қосылуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1281806?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді