Орал қалалық мәслихатында бұралқы иттердің санын реттеу мәселелері бойынша «Депутат сағаты» өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қалалық мәслихаты депутаттар Н.Исмагулов пен А. Жолдығалидің бастамасымен  қала тұрғындарының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін ең өзекті мәселелердің бірі: бұралқы иттер мәселесіне арналған «Депутат сағатын» өткізді.

Талқылауға қалалық мәслихат депутаттары, Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Халелов, кенттер мен Орал қаласының ауылдық округтің әкімдері, Орал қаласының полиция басқармасы, білім беру бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ветеринарлық станция, жануарларды қорғау қоғамының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жануарларды қорғау қоғамының және жануарларды аулау мердігердің өкілдері сөз сөйледі. Орал қаласының тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы жануарларды аулау, зарарсыздандыру және эвтаназиялау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу қатысушыларымен жағдайы толық бақылау алу үшін жануарладың  агрессия жасау жағдайларына жедел әрекет ету, жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңды талаптарды сақтау қажет екені атап өтілді.

«Депутат сағаттан» кейін бұралқы иттердің, халыққа төнетін қауіптер мен шабуылдардың сандарын тиімді түрде азайтуға бағытталған ұсыныстар жасалды. Бұл ұсыныстар нақты шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uralsk/press/news/details/1281815?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді