
Үлкен Нарын ауданында полицейлер 6,7 килограммнан астам марихуана тәркіледі
«Қарасора-2026» профилактикалық іс-шаралары барысында Үлкен Нарын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.
48 жастағы ер адамның тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту кезінде полицейлер ауладан 22 түп қарасора өсімдігін, ал шаруашылық үй-жайларынан өсімдік тектес заттар салынған бумалар мен сыйымды ыдыстарды анықтады.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктер кептірілмеген күйдегі каннабис (қарасора) болып табылады. Сонымен қатар анықталған заттардың жалпы салмағы 700 грамнан асатын марихуана екені расталды.
Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 6,7 килограммнан асты.
Сондай-ақ ер адамның каннабиноидтарды тұтынғаны анықталды.
Ол өз сөзінде жабайы қарасораны тек жеке мақсатында жинағанын және өз үйінің аумағында арнайы өсірмегенін түсіндірді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, дайындау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Есірткіні тіпті жеке мақсатта сақтаудың өзі жауапкершіліктен босатпайды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1281833?lang=ru

Жауап қалдыру