
Алматы қаласы әкімінің орынбасары азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың білім беру, ардагерлердің құқығын қорғау, сондай-ақ қоғамдық және мәдени бастамаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өтінішін қарады.
Қабылдау барысында қала тұрғындары білім беру үдерісіне қажетті жағдай жасау, соның ішінде оқу сабақтарын өткізу үшін үй-жайлар бөлу және қосымша білім беру ұйымдарын дамыту мәселелерін көтерді. Сонымен қатар қала мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты өтініштер қаралды.
Әсіресе, көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, оқушылардың әлеуметтік кепілдіктерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру және балалы отбасыларды қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылды.
Кездесу аясында ардагерлердің, соның ішінде Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылардың құқығын қорғау, сондай-ақ тиісті әлеуметтік кепілдіктерді іске асыруда мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымын қалыптастыру қажеттілігі талқыланды.
Бірқатар өтініш заманауи білім беру бастамаларын дамытуға, оның ішінде жоғары оқу орындарына түсуге арналған цифрлық сервистерге қатысты болды. Қала әкімдігімен ықтимал өзара іс-қимыл нысандары бойынша ұсыныстар айтылды.
Тұрғындар сондай-ақ жетім балалардың құқығын қамтамасыз етуге және оларды тәрбиелеу мен асырау саласындағы міндеттемелердің орындалуына қатысты жекелеген мәселелермен жүгінді.
Жеке қабылдау қорытындысы бойынша әкім орынбасары тиісті мемлекеттік органдарға азаматтардың өтінішін жан-жақты қарауды, көтерілген мәселелерді зерделеуді және қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Қосымша қарауды қажет ететін өтініштер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ өтініш иелеріне көтерілген мәселелерді шешу тәртібі мен алдағы іс-қимылдар туралы толық түсіндірме беру тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1281907?lang=ru

Жауап қалдыру