
Шымкент қаласының аумағында 26–31 тамыз аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтау және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Отбасындағы қауіпсіздік – қоғам қауіпсіздігінің негізі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарамай, оның алдын алуға бірге атсалысайық.
Егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарласыңыз.
Заң мен тәртіп – әр отбасының қауіпсіздігінен басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1281999?lang=ru

Жауап қалдыру