Астанада қоғамдық орындардағы профилактикалық жұмыс күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысу және азаматтарға жөнсіз тиісу фактілерін анықтау мақсатында профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайыр сұрау, бал ашу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналыспай, азаматтарға тауарлар мен қызметтерді ұсыну мақсатында оларды мазалап, жөнсіз жүгіну әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, олардың Қазақстан аумағында болу заңдылығын тексереді. Мұндай құқық бұзушылықтарға жол беретін шетел азаматтарына ерекше назар аударылады.
Жыл басынан бері сот шешімімен қайыршылықпен айналысқаны және азаматтарға жөнсіз тиісу фактілері бойынша 20 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығарылды. Олармен бірге 16 кәмелетке толмаған баласы да ел аумағынан шығарылды.
Полиция қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз етуге және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты жалғастыруда.
Азаматтарға жөнсіз тиісу немесе мазалау фактілеріне тап болған жағдайда жанжалға бармай, мұндай фактілер туралы 102 нөміріне хабарлау ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1282011?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді