
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы қандай жағдайда тоқтатылуы мүмкін?
Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тоқтата тұруға:
1.алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы;
2.Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
3.сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі;
4.стационар жағдайында тұратыны және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы;
5.баланың он сегіз жасқа толуы;
6.шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі ;
7.алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы негіз болады .
Жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:
1.баланың қайтыс болуы;
2. он сегіз жасқа толғаннан кейін оқудан шығару;
3.баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
4.заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
5.ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету;
6.Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісі негіз болып табылады.
Тоқтата тұрудың бір себебін талдайтын болсақ, мысалы бұған дейін көпбалалы отбасы құрамындағы 18 жасқа толған бала оқуын жалғастырып жүрген жағдайда, ата-анасы жыл сайын оқу орнынан күндізгі бөлімде оқитыны туралы анықтама алып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тапсыруы керек болатын.
Енді бұл тәртіп жеңілдетілді. 2026 жылғы 23 шілдеден бастап 18 жасқа толған баласы бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны жалғастыру автоматты түрде жүргізіледі. Ол үшін білім беру ұйымдары студент туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйеге уақытында және толық енгізуі қажет.
Дегенмен бір маңызды жайт бар. Егер 18 жасқа толған бала жоғары оқу орнының дайындық бөлімінде немесе тіл курстарында оқып жүрсе, ол отбасы құрамына енгізілмейді. Себебі мұндай оқу түрі қосымша білім беру болып есептеледі. Сондықтан осы кезеңде ол балаға байланысты көпбалалы отбасы жәрдемақысы төленбейді.
Сондықтан отбасы құрамында немесе жеке мәліметтерде өзгеріс болған жағдайда, бұл туралы уақытылы тиісті органдарға хабарлау маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1282009?lang=ru

Жауап қалдыру