«Назар аударыңыз, балалар!» ЖПІШ аясында Шарбақты ауданында мектеп автобустары тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шарбақты ауданының полиция бөлімі қызметкерлері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында оқушыларды тасымалдауға жұмылдырылған мектеп автобустарына тексеру жүргізді. Полиция қызметкерлері көліктердің техникалық жағдайына, жарықтандыру құралдарының жарамдылығына, қауіпсіздік белдіктерінің болуына, сондай-ақ балаларды ұйымдасқан түрде тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуына ерекше назар аударды.
Сонымен қатар полицейлер жүргізушілердің қажетті құжаттарын тексеріп, олармен профилактикалық әңгімелесу өткізді. Кәмелетке толмағандарды тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және жоғары жауапкершілік таныту қажеттігі түсіндірілді.
— Балалардың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік. Оқу жылы басталар алдында мектеп автобустарының техникалық тұрғыдан жарамды екеніне және жүргізушілердің оқушыларды қауіпсіз тасымалдауға дайын екеніне көз жеткізу маңызды. Қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлеміз, өйткені балалардың өмірі мен денсаулығы осыған тікелей байланысты. Бұл бағыттағы жұмыстар оқу жылы бойы жалғасатын болады, — деді Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Алмас Баймбет.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және оқушылардың білім беру ұйымдарына қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарының маңында аса мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң орындауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1282114?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді