
Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарына іргелес аумақтардағы жол қозғалысы жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Абай облысында білім беру ұйымдарына іргелес аумақтардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.
Берілген нұсқамалардың нәтижесінде мектептер маңында 219 жол белгісі орнатылып және ауыстырылды, 52 жаяу жүргіншілер өткелі абаттандырылды. Көлік қозғалысы жылдамдығын төмендету мақсатында 21 жасанды жол кедір-бұдыры орнатылды.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз жағдай жасау мақсатында 93 погон метр тротуар салынып, 98 метр аумаққа жасанды жарықтандыру орнатылды.
Аталған шаралар мектеп оқушыларының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және мектеп маңындағы жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Балалардың қауіпсіздігі — басты басымдықтардың бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1282124?lang=ru

Жауап қалдыру