Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында «Арнайы білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесіндегі балалардың адами капиталын дамыту: оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендірудің заманауи тәсілдері» облыстағы балалар үйлерінде, түзету ұйымдарында және арнайы мектеп-интернаттарында жұмыс істейтін педагогтердің секциялық отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

​2026 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбындағы тамыз конференциясы аясында ШҚО білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернат» КММ базасында облыстың балалар үйлерінде, түзету ұйымдарында және арнайы мектеп-интернаттарында жұмыс істейтін педагогтердің «Арнайы білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесіндегі балалардың адами капиталын дамыту: оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендірудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы секциялық отырысы өтті.
Іс-шараға барлығы 40 педагог қатысты. Олар арнайы және түзету ұйымдарының (балалар үйлері, Жасөспірімдер үйі, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, ППТК, ПМПК, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары, арнайы мектеп-интернаттар) педагогтері.
Секция барысында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Кубентаева А.К. 2026–2027 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқаулық хат, сондай-ақ ҚР арнайы және инклюзивті білім беруге қатысты нормативтік-құқықтық актілер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Атантаева Д.Б. Жаңа Конституция негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың маңызы туралы баяндады, Ақ Ниет мектеп-интернатының директоры, сондай-ақ Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен Жасөспірімдер үйінің педагогтері балаларды сүйемелдеу, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру бағыттары бойынша практикалық жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Секциялық отырыстың қорытындысы бойынша 2026–2027 жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды. Олар арнайы білім беру сапасын арттыруға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды жетілдіруге, ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға және тиімді педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282148?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді