Өңірлердегі кездесу. Павлодар облысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев Павлодар облысының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті, оның барысында өзекті экологиялық мәселелер қаралып, азаматтардың өтініштері бойынша түсіндірмелер берілді.

Павлодар облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда, оған 23 іс-шара енгізілген.

Сонымен қатар шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Өңірде АМЖ орнату талаптарына 15 кәсіпорын жатады, олардың 12-сінде жүйелер қазірдің өзінде орнатылған.

Қазіргі уақытта 8 кәсіпорынның деректері Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне берілуде.

2026 жылғы деректер бойынша облыстың мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 478,8 мың га құрайды, оның 312,1 мың гектары орманмен көмкерілген.

Ормандарды молықтыру мақсатында 2021 жылдан бері Павлодар облысында 101,3 млн көшет 19,7 мың га алқапқа отырғызылды.

Халықтың «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысуы маңызды рөл атқарады.

Бастама аясында облыста 24 экологиялық іс-шара өткізілді, 79 мың тоннадан астам қалдық жиналды, 23 мыңнан астам аумақ тазартылып, 32 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Экологиялық акцияларға 427 мыңнан астам адам қатысты.

Жыл басынан бері тек Павлодар облысында Telegram-чат-боты @TazaQazBot арқылы 524 өтінім келіп түсті: 492-сі орындалды, 23-і орындалу үстінде, 9 өтінімнің күші жойылды.

Жалпы, Павлодар облысындағы экологиялық ахуал бақылауда.

Өз сөзінде вице-министр айтып өткендей экологиялық жүктемені азайту, кәсіпорындарды жаңғырту және қоршаған ортаның сапасын жақсарту жұмыстары жүйелі негізде жалғасады.

Іс сапар барысында вице-министр азаматтардың жеке қабылдауын және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді және бір қатар өнеркәсіптік нысандарға барды, атап өткенде «Energy Solutions Center» ЖШС, Екібастұз ЖЭО және «Богатырь» көмір разрезі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1282167?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді