
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 28 тамызда білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық тамыз конференциясының секция отырыстары «АДАМ КАПИТАЛЫ, БІЛІМ, ПРОГРЕСС – ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» тақырыбында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 40 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өткізді.
«2026–2027 оқу жылындағы білім беру жүйесінің басым бағыттары: білім сапасын арттыру және оқу сауаттылығын дамыту» секция отырысына аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қазақ және орыс тілі пәні мұғалімдері, кітапхана ісінің жауапты мамандары, кітапханашылар қатысты.
Секция барысында:
– қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі А.Ж. Билялова жаңа оқу жылындағы білім беру мазмұны мен жүйесіндегі негізгі өзгерістерді таныстырды;
– Самар ауданы бойынша білім бөлімінің қосымша білім беру жөніндегі әдіскері К. М. Умирбаева «Оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру: мектеп кітапханалары қызметінің жаңа басымдықтары» тақырыбында мектеп кітапханаларының оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды;
– Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ және «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Д.Б. Сатенбаева мен Д.Б. Жиенбаева «Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілі мен әдебиеті: «Адал азамат» құндылықтары мен «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қалыптастыру» тақырыбында жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ үдерісінде тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті;
– Қазақ-Американдық еркін университетінің магистрі, шетел тілдері кафедрасының оқытушысы П. А. Кулик «Развитие навыков критического чтения в эпоху искусственного интеллекта как условие формирования интеллектуальной нации» тақырыбында жасанды интеллект дәуірінде сыни оқу дағдыларын дамытудың маңызын атап өтті;
– С. Аманжолов атындағы ШҚУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Т.В. Галкина «Формирование читательской грамотности обучающихся посредством работы с учебным и медиатекстом в условиях развития культуры чтения» тақырыбында оқу және медиамәтінмен жұмыс арқылы оқырмандық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді тәсілдерін ұсынды.
Секциялық алаң педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Қатысушылар білім сапасын арттыру, оқырмандық және сыни сауаттылықты дамыту, сондай-ақ жасанды интеллектіні білім беру мақсатында тиімді пайдалану бағыттары бойынша өзара пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282239?lang=ru

Жауап қалдыру