Полиция тарихын парақтаған тағылымды тарту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысында кітап оқуды насихаттау, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру және кейінгі ұрпаққа тағылымды өнеге көрсетуді мақсат еткен ішкі істер органдарының ардагері игі бастама көтерді.

Түлкібас ауданында «Зерделі ұлт» бастамасы аясында «Ардагер сыйға тартқан кітап» акциясы ұйымдастырылды. Онда полиция бөлімінің ардагерлер төрағасы Сауранбек Танатбаев өзінің жеке кітапханасындағы бірқатар кітапты полиция қызметкерлеріне сыйлады.

Сыйға тартылған кітаптардың басым бөлігі ішкі істер органдарының қалыптасуы мен даму тарихына, полиция қызметінің өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне арналған. Бұл кітаптар жас буынға құқық қорғау саласының тарихын тереңірек танып, аға буынның өнегелі жолынан үлгі алуға мүмкіндік береді.

Ардагердің бұл бастамасы – кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеумен қатар, ішкі істер органдарының тарихын насихаттауға бағытталған тағылымды іс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1282254?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді