
Жаңа оқу жылы қарсаңында көшелерде кептелістің күшеюіне байланысты алматылықтарға үндеу жасалды.
Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ешанқұлдың айтуынша, күн сайын қалалық бағыттарға 3 232 автобус пен троллейбус шығып, 1,6 миллионға жуық жолаушыны тасымалдайды. Дегенмен, 1 қыркүйектен бастап резервтегі көліктердің есебінен кейбір бағыттарда қоғамдық көлік санын көбейту жоспарланып отыр. Ең алдымен, қосымша автобустар мектептердің жанынан өтетін маршруттарға қосылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1282328?lang=ru

Жауап қалдыру