ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін, 2026 жылғы 28 тамызда Жезқазған қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ұлытау облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен ауқымды республикалық іс-шара өтті. Басқосу Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» отырысында берген тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.

💡 Семинардың мақсаты: Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту, ғылым, білім, ІТ және креативті индустрия салаларында қазақ тілді контенттің үлесін арттыру мен цифрландыру мәселелерін талқылау.

Іс-шара барысында:

  • 🎨 Қатысушылар«АлтынОрданың мұрасы: Ұлы даладан бастау алған өнер» атты панорамалық көрмені тамашалады.
  • 🎤 TED форматындағыойталқыаясында белгілі ғалымдар, сарапшылар және жоба авторлары (Серікқали Байменше, Бауыржан Есенжолов, Мақпал Жұмабай, Алтынай Есенжанова, Базаркүл Үмбетова, Аркадий Побединский) баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
  • 🛠️ Ұлытауоблыстықтарихи-археологиялық мұражайында тіл заңнамасының сақталуы, мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен тіл саясатын дамытудың өзекті мәселелері бойынша сарапшылардың қатысуымен тәжірибе алмасу секциясы ұйымдастырылды.

Жиын соңында қатысушыларға марапаттар табысталып, мемлекеттік тіл саясатын ілгерілетуге бағытталған арнайы қарар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/1282376?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді