
ҮШ АУЫЛ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Қаратөбе ауданына қарасты Төлен, Сәуле және Қарақамыс елді мекендеріне жаңа тармақ өткізіп, магистральдық сумен жабдықтау жүйесін салу жұмыстары толық аяқталды. Осыған орай Сәуле ауылында өткен салтанатты шараға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, аудан басшылығы және ауыл тұрғындары қатысты.
Облыс әкімі жиналғандарды маңызды нысанның іске қосылуымен құттықтап, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мемлекет саясатының басым бағыты екенін атап өтті. Нариман Төреғалиев Президенттің тікелей тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер әлеуметтік салаға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталып жатқанын, бүгінгі жоба соның бір мысалы екенін жеткізді.
Жоба аясында үш елді мекенге жаңа тармақ тартылып, магистральдық сумен жабдықтау жүйелері салынды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталып, 2026 жылдың тамызында аяқталды. Жаңа жүйенің іске қосылуы нәтижесінде үш елді мекендегі 1675 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Салтанатты рәсімде сөз алған еңбек ардагерлері тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жасалған нақты қадам үшін мемлекет, өңір басшылығына жерлестері атынан алғысын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1282421?lang=ru

Жауап қалдыру