Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскеменде мектепке дейінгі білім беру нысандарының қатары тағы бір жаңа балабақшамен толықты. Қаладағы «Family Island-3» балабақшасының салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Балабақша Нұрлы жол көшесі, 59 мекенжайында орналасқан. Заманауи талаптарға сай салынған ғимараттың жалпы аумағы 1500 шаршы метрден асады. Мектепке дейінгі ұйым 260 балаға арналған. Мұнда 11 топ жұмыс істейді.

Сөз сөйлеген аймақ басшысы бала тәрбиесі – мемлекеттің болашағын айқындайтын аса маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет» деп, алдымызға нақты міндет қойған болатын. Бұл ретте жаңа балабақшалардың, соның ішінде жеке бастамалар арқылы ашылатын мектепке дейінгі ұйымдардың маңызы ерекше.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 33 мыңнан астам бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, 380 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 101-і Өскемен қаласында орналасқан. Қала қарқынды дамып, тұрғындар саны артқан сайын әлеуметтік инфрақұрылымды, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту маңызды. Осы жобаны жүзеге асырған азаматтарға алғысымды білдіремін!» – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жаңа балабақшада балалардың жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасалған. Онда спорт залы, музыка залы және медициналық кабинет қарастырылған. Оқу-тәрбие процесін 26 педагог қамтамасыз етеді. Жалпы балабақшада 40-қа жуық адам жұмыс істейді.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1282426?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді