2026 жылдың 10 тамызында Шахтинск қалалық мәслихатының тиісті комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 10 тамызында Шахтинск қалалық мәслихатының тиісті комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар келесі мәселелерді қарастырды:
1. «Шахтинск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы XXV сессиясының №463/25 «2026-2028 жылдарға арналған Шахтинск қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
2. «Шахтинск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы XXV сессиясының №464/25 «2026-2028 жылдарға арналған Шахтинск қаласы Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
4. Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты А.К Омарбековтың өкілеттігі тоқталуы туралы.
5. Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына өзгерістер еңгізу туралы.
6. Әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына өзгерістер еңгізу туралы.
7. Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасын сайлау туралы.
8. Әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасын сайлау туралы.
9. Шахтинск қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы.
10. «Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
Шахтинск қаласы мен Долинка, Новодолинский және Шахан ауылдарының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.А. Таширова егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында оларды қаланың ішкі саясаты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту саласындағы басым бағыттар мен міндеттерге қайта бөлу ұсынылды. Нәтижесінде алынған мақсатты трансферттер бойынша үнемдеу «3-кезеңдегі сумен жабдықтау желісін қайта құру жобасын» іске асыруға және «Шахтинсжылуэнерго» үшін жөндеу жұмыстарына жұмсалады.
Ұсынылған барлық бюджеттік ұсыныстар депутаттар тарапынан қолдау тауып, мақұлданды.
Шахтинск каласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Ж.Шинжанова депутаттарды Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты А.К.Омарбекованың өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына енгізілген өзгертулеріне сәйкес, депутаттар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамы мен төрағаларын бекітті.
Сонымен қатар, Шахтинск қалалық мәслихатының Регламентін және «Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» ММ Ережесін бекітті.
Отырыс соңында депутаттар Шахтинск қалалық мәслихатының Кезектен тыс XXX сессиясын 11 тамызда жабық форматта өткізу туралы шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1282473?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді