
Қала күні мерекесі: Полиция қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде
Өскеменде қала күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар легі басталып кетті. Алдағы уақытта тұрғындар мен қонақтарды 50-ден астам түрлі қызықты шаралар күтіп тұр. Мерекенің алғашқы жарқын оқиғалары ретінде кеше өткен «Shashlyk Fest» гастрономиялық фестивалі мен «Oskemen Night Run» түнгі жүгіру жарысы мыңдаған қала тұрғыны мен жүздеген спорт сүйер қатысушыны жинады.
Мерекелік алаңдардың барлығында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері тәулік бойы қадағалап отыр.
Кеше өткен «Shashlyk Fest» кезінде полицейлер аумақты күшейтілген тәртіппен патрульдеді. Сонымен қатар, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мереке қонақтары мен тұрғындар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тыйым салынған заттардың зияны мен заң талаптарын түсіндірді.
Ал түнгі жүгіру жарысы барысында патрульдік полиция экипаждары қатысушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп, белгіленген маршрут бойындағы көлік қозғалысын қатаң реттеді.
Мерекелік іс-шаралар әлі де жалғасуда, полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режимінде қызмет атқаруда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1282539?lang=ru

Жауап қалдыру