
29 тамыз күні қала әкімдігі мен облыстық экология департаментінің бірлесуімен Ақтау қаласындағы «Солдат» жағажайында республикалық «Таза жағажай» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына қала аумағындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындардың еңбек ұжымдары мен волонтерлер қатысты. Акцияға қатысушылар теңіз жағалауын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
– Бірқатар өндірістік кәсіпорындардың еңбек ұжымдары бірлесіп, «Солдат» жағажайынан бастап «Карвон» мейрамханасына дейінгі аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Басты мақсатымыз – табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, – деді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Армат Жалғасбайұлы.
Сенбілік барысында акцияға қатысушылар жағалау аумағынан жалпы көлемі 5 тонна қоқыс шығарды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1282545?lang=ru

Жауап қалдыру