
“Жастар” Мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Жеңіс әндері” атты аудандық әскери әндер фестиваль-байқауы өтті.
Ауылдық округтерден келген шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар әскери жылдардағы әсерлі де рухты әндерді орындады. Біздің Костряковка ауылымыздың намысын Урванцева Алёна абыроймен қорғады. Үздік орындаушылар 9 мамыр күні орталық алаңда өтетін мерекелік шарада өнер көрсетеді. Барлық қатысушылар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/982106?lang=kk

Жауап қалдыру