
Мақаншы ауданындағы Алакөл көлі жағалауында орналасқан «Ай-Ханым» жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және денсаулығын нығайту мақсатында сауықтыру жұмыстары жүргізілді. Лагерьлерде әр лек 10 күн көлемінде ұйымдастырылып, жазғы демалыс кезеңінде жалпы 600 білім алушы қамтылды.
Лагерь жұмысы 22 маусым мен 22 тамыз аралығында кезең-кезеңімен жүргізілді. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әр лекке арналған күн тәртібі бекітіліп, олардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз етуге басымдық берілді.
Лагерь барысында білім алушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған спорттық жарыстар, эстафеталар, шығармашылық және мәдени-танымдық іс-шаралар, түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, лагерь қатысушылары құнарлы тамақпен қамтамасыз етіліп, күнделікті 5 уақыт тамақтану ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, Алакөл жағалауындағы жазғы сауықтыру лагерьлері балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және жаңа ортада достық қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1282629?lang=kk

Жауап қалдыру