Кезектен тыс сессияның 56 отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 28 тамызында аудандық мәслихат төрағасы Ә. Балташев ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Ниевинаның, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л. Асанованың және ауданның ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г. Ивликовтың қатысуымен мәслихаттың 56 кезектен тыс сессиясын өткізіп, келесі мәселелерді қарау қорытындылары бойынша шешімдер қабылдады:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №20/4 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қанңтардағы № 31/4 «Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрайымдарын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 04 қарашадағы № 42/7 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/1282645?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді