«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қорғалжын ауданы прокуратурасының үйлестіруімен кәсіпкерлерді құқық бұзушылықтардың себептері мен оларға ықпал ететін жағдайларды жоюға тарту мақсатында аудан аумағында «Бизнес үшін 100 игі іс» акциясы өткізілді.
Акцияға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және әкімдіктің қызметкерлері, сондай-ақ шақырылған ірі және шағын кәсіпкерлік субьектілері басшылары қатысты.
Бұл ретте әлеуметтік, білім беру және спорт инфрақұрылымы нысандарын салу, қайта жаңғырту және абаттандыруға, халықтың әлеуметтік осал санаттарына атаулы көмек көрсетуге, балаларды қолдауға, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өзге де қоғамдық маңызы бар бастамаларды, өңір тұрғындары үшін ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы жоғары жобаларды іске асыруға басымдық беріледі.
Сондай-ақ аудан прокуратурасымен инвесторлар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында инвестициялық преференциялар (артықшылықтар) қарастырылғандығы атап өтілді.
Акция шеңберінде кәсіпкерлік субьектілері өздеріне қажетті кәсіпкерлік саласында әр түрлі ақпараттар алып, мемлекеттік қолдаудың көздерімен танысты.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1282715?lang=ru

Жауап қалдыру