
Бір қарағанда — кәдімгі жабайы алма. Бірақ жемісін кесіп көрсеңіз, айырмашылығы бірден байқалады. Недзвецкий алмасының қызыл реңкі тек қабығында емес, жұмсағында да болады. Гүлдеген кезде де ағаш ерекше көрінеді: гүлдері қызғылт-күлгін түске боялады. Бұл — табиғатта сирек кездесетін жабайы алма түрлерінің бірі. Оның генетикалық қоры жабайы алма түрлерін және олардың табиғи алуантүрлілігін сақтау үшін маңызды. Ал мұндай ағашты табиғаттан кездестірсеңіз, жемісін жинап немесе бұтағын сындыруға асықпаған жөн. Недзвецкий алмасы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Кәдімгі алмаға ұқсайды. Бірақ бір кессеңіз — айырмашылығы көрінеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1282700?lang=ru

Жауап қалдыру