
Ағымдағы жылдың 26 тамызында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенованың төрағалығымен қала тұрғындарына профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің мамандары, медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.
Семинар-кеңес барысында вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай, профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу, инфекциялық аурулар ошақтарында шұғыл вакцинация жүргізу, вакцинацияланған адамдар туралы деректерді медициналық ақпараттық жүйелерге енгізу және «суық тізбек» талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Қорытындылай келе, қатысушылардың назары Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес нысаналы топтарды уақтылы вакцинациялауға, медициналық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді дұрыс енгізуге және халық арасында вакцинацияның маңызы мен вакцинациядан бас тартудың ықтимал салдары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1282741?lang=ru

Жауап қалдыру