Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали President’s Cup – Asian Region турнирінің қола жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қытайдың Хайань қаласында таеквондодан President’s Cup – Asian Region халықаралық турнирі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде 74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Батырхан Төлеуғали Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды. Жарысқа екінші айналымда қосылған ол жартылай финалға дейін екі кездесу өтізді. Алғашқы кездесуінде Ким Чжебомнан (Оңтүстік Корея), ширек финалда Ван Го Циннен (Қытай) басым түсті. Алайда, жартылай финалдық кездесуде Пак Чунсанға есе жіберіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали President’s Cup – Asian Region жарысының қола жүлдесімен қатар, 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына Қазақстанға қосымша жолдама сыйлады.

#QazTkd

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/982055?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді