
2026 жылғы 25 тамызда Қарағанды қаласындағы «Мир добра» қоғамдық бірлестігінің базасында Италия Қызыл Крестінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Тек ана» әлеуметтік жобасы аясында кездесу өтті.
Кездесуге Италия Қызыл Крестінің өкілдері Анна Мария Герши және Диего Колески, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері — Дана Шалахметова, Алия Шаяхбаева, Т. Абрамова, В. Старикова, сондай-ақ Саран қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары мен жобаға қатысушы отбасылар қатысты.
Кездесу барысында жобаны іске асыру нәтижелері таныстырылып, қол жеткізілген өзгерістер талқыланды, тәжірибе және жобаға қатысушы отбасылардың кері байланысы тыңдалды.
Кездесу соңында отбасыларға балалар аяқ киімі түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1282793?lang=ru

Жауап қалдыру