Маңғыстауда пробация есебіндегі тұлғалардың балаларына мектепке қажетті құралдар табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы. Жаңа оқу жылы қарсаңында Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімі «Біз адамбыз, біз біргеміз» қайырымдылық қорымен бірлесіп, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция аясында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдары мен кеңсе тауарлары табысталды.

Игі бастаманың негізгі мақсаты — отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету және балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына жәрдемдесу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балаларға нақты көмек көрсетумен қатар, қоғам назарын отбасылар мен өскелең ұрпақты қолдау мәселелеріне аударуға мүмкіндік береді.

«Балалар — біздің болашағымыз. Олардың толыққанды білім алуына қажетті жағдай жасау — баршамызға ортақ міндет. Біз балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен және оқуына қажетті құралдармен бастауына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін», — деді Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Смағұл Құламанов.

Аталған акция мемлекеттік қызмет пен қоғамдық сектор өкілдерінің әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешудегі өзара іс-қимылының бір көрінісі болды. Бұл ретте балаларға қолдау көрсетуге ерекше мән беріліп отыр.

Ұйымдастырушылар «Біз адамбыз, біз біргеміз» қайырымдылық қорына әлеуметтік бастаманы қолдап, балаларға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Мектепке жол» акциясы — балалардың білім алуына қолдау көрсетіп, отбасыларға жан-жақты көмек беруге бағытталған игі бастамалардың бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1282792?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді