Маңғыстауда пенитенциарлық мекемелердегі заңдылық пен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Кушалиев пен Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Руслан Уразбаев жұмыс сапары барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін аралады.

Атап айтқанда, облыс прокуроры мен ҚАЖ департаментінің бастығы №77 мекемеге – тергеу изоляторына, сондай-ақ №43 мекемеге – қоныс колониясына барды.

Аралау барысында мекемелердегі режимдік талаптардың сақталуы, сотталғандар мен күдіктілердің ұсталуы жағдайлары, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының орындалуы назарға алынды.

Сонымен қатар мекемелердің материалдық-техникалық базасы, санитариялық-тұрмыстық жағдайы және жазасын өтеушілерді қайта әлеуметтендіруге бағытталған жұмыстардың ұйымдастырылуы қаралды.

Жұмыс сапары аясында мекемелерде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесулер өткізіліп, олардың өтініштері мен сұрақтары тыңдалды. Сотталған азаматтарды жеке қабылдауды Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Кушалиев, ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Аслан Кужиев жүргізді.

Қабылдау барысында сотталғандардың көтерген мәселелеріне құқықтық баға беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке қабылдауға түскен өтініштер заңнама талаптарына сәйкес қаралатын болады.

Сапар қорытындысы бойынша мекеме басшыларына қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңдылықты қатаң сақтау, сотталғандар мен күдіктілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мекемелердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пенитенциарлық мекемелердегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және жазаны өтеу жағдайларын жақсарту бағытындағы бірлескен жұмысты одан әрі жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1282800?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді