Қарақия ауданында “Мектепке жол” акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылы қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қарақия аудандық пробация қызметі, прокуратура, әлеуметтік жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі, «Qaraqiyaup» үкіметтік емес ұйымы және әлеуметтік орталықтың бірлесіп ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Акция аясында пробация қызметінің есебінде тұрған 11 азаматтың отбасындағы 25 балаға қаржылай көмек көрсетіліп, жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарын сатып алуға қолдау көрсетілді.

Қарақия аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Гүлжан Исмаилова:

«Жаңа оқу жылы – әр бала үшін ерекше кезең. Біздің мақсатымыз – пробация есебіндегі азаматтардың отбасыларына қолдау көрсетіп, олардың балаларына қажетті жағдай жасауға өз үлесімізді қосу. Осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықты арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі акцияға атсалысқан барлық мекеме мен ұйым өкілдеріне алғысымызды білдіреміз», – деді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, балалардың жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз етілуіне жағдай жасау және қоғамдағы қайырымдылық пен өзара қолдау құндылықтарын дәріптеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1282799?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді