ШҚО-да әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің қатысуымен әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Жиынға облыстық үшжақты комиссияның өкілдері, басқарма басшылары, Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, қала, аудан әкімдері қатысты.

Отырыс барысында ««Еңбек тәуекелі картасы» аясында Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда еңбекақы берешектерін өтеу бойынша қабылданған шаралар туралы» және «Өңірдегі әлеуметтік әріптестікті дамыту перспективалары туралы» екі мәселе қаралды.

Кездесу барысында әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды және Сатыбалды Дәулеталин облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановты «Үздік әлеуметтiк әрiптес» медалiмен марапаттады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/981984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді