Астанадағы үйдің қасбетінде ерекше мысық бейнесi пайда болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астананың Байқоңыр ауданында мысықтың бейнесі көрініс тапқан тағы бір жаңа мурал пайда болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа стрит-арт нысаны Таха Хусейн көшесі, 2/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетіне салынған.

Суретте қолына бутерброд ұстап, тоқ әрі көңілді отырған мысық бейнеленген. Жылы әсер сыйлайтын сүйкімді арт-нысан қала тұрғындары мен қонақтарының назарын бірден баурлады.

Бүгінде муралдар қала келбетіне ерекше сән беріп, тұрғындар мен қонақтардың назарын өзіне аударады.

Таха Хусейн көшесіндегі жаңа арт-нысан аудан аумағындағы муралдар қатарын толықтырып, оның мазмұны мен өзіндік дизайнымен ерекшеленіп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1282835?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді