
Аягөз ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев ауданның білім беру ұйымдарының басшыларымен брифинг өткізді.
Кездесудің негізгі күн тәртібі – 2026–2027 оқу жылын және 1 қыркүйек – Білім күнін сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру.
Брифинг барысында жаңа оқу жылына дайындықтың барысы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайы, педагогтермен қамтылуы, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және 1 қыркүйек – Білім күніне арналған іс-шараларды өткізу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылын жүйелі түрде бастап, білім сапасын арттыруға, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және педагогтерге қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға бағытталған нақты міндеттерді атап өтті.
Сонымен қатар, Білім күні – білім мен тәрбиеге жаңа қадам бастайтын маңызды күн екеніне назар аударылып, мерекелік іс-шараларды мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары және ұйымдасқан түрде өткізу қажеттігі айтылды.
⚠️ Педагогикалық кадрлармен қамту және бос жұмыс орындары мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы орналастыру, жаңарту және педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігін білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев баса айтты.
Бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығы мен заңдылығы ерекше бақылауда екені ескертілді. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат нақты, өзекті және белгіленген тәртіпке сәйкес көрсетілуі тиіс.
Сондықтан білім беру ұйымдарының басшыларына кадр тапшылығын болдырмау, бос орындарды уақытылы толықтыру және педагогтермен қамтамасыз ету мәселесіне жауапкершілікпен қарау тапсырылды.
Барлық жұмыстар заңдылық, ашықтық және белгіленген талаптарды сақтау қағидаттары негізінде жүргізілуі тиіс.
✨ Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктердің бастауы!
Барша білім беру ұйымдарының ұжымдарына шығармашылық табыс, ұстаздарға толағай жетістік, ал оқушыларға жарқын жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1282918?lang=kk

Жауап қалдыру