Әйтеке би ауданында дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

https://www.instagram.com/reel/DclKjfzC2Uw/?igsi=MWthYThycGl4ZnVicA==

Жаңа оқу жылы қарсаңында Әйтеке би ауданында білім саласы қызметкерлерінің басын қосқан дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті.
Маңызды жиынға аудан әкімі Д.Тоғызбаев, ардагер ұстаздар, білім беру саласының өкілдері, мектеп басшылары мен педагогтер қатысып, өткен оқу жылының жетістіктерін саралап, алдағы оқу жылындағы негізгі міндеттерді талқылады.

Конференцияны аудан әкімі Д.Тоғызбаев ашып, барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол өз сөзінде білім беру саласының қоғам дамуындағы ерекше маңызына тоқталып, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі ұстаз еңбегінің зор екенін атап өтті.

Шараға Ақтөбе облысының білім басқармасынан келген өкіл А.Алматова қатысып, өңірдегі білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан жаңалықтар мен жаңа оқу жылындағы басты бағыттар туралы сөз қозғады. Педагогтерге шығармашылық табыс, еңбектеріне береке және жаңа жетістіктер тіледі.

Ал аудандық білім бөлімінің басшысы С.Биртаева өткен оқу жылының қорытындысын баяндап, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін көтеру, цифрлық білім беру мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және жаңа оқу жылындағы басым міндеттерге тоқталды.

Конференцияның ең қуанышты сәттерінің бірі – білім беру саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеу жолында еселі үлес қосқан ұстаздардың еңбегін ұлықтау болды.

Жуырда Астана қаласында өткен республикалық Тамыз конференциясының пленарлық отырысында ауданымыздың білім саласы қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды. Аудан орталығындағы Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдері ерекше құрметке бөленді.
Соның ішінде Ж.Жұмахметова еліміздің білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген бұл мәртебелі марапат – ұстаздың саналы ғұмырын білім мен тәрбие ісіне арнаған еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет.

Ал Р.Кусегенова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1283020?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді