Абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 шілдеде сағат 15:38 шамасында Бейнеу ауылының С. Бейбарыс көшесі бойында тұрмыстық қоқысты белгіленбеген жерге шығару дерегі анықталды.

Тексеру барысында аталған әрекетті 50 жастағы ауыл тұрғыны жасағаны белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нәтижесінде құқық бұзушыға 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция азаматтарды елді мекендердің тазалығы мен қоғамдық тәртібін сақтауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығаруға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DcocWkfs99q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1283019?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді