Үшарал қаласында көлік құралдарына салынатын салық бойынша рейд жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үшарал қаласында көлік құралдарына салынатын салық бойынша рейд жұмыстары жүргізілді Бүгін Үшарал қалалық әкімдігінің салық жөніндегі бас маманы Д. Заманбеков, Алакөл АПБ ӘПБ ППТ инспекторы пол аға лейтенанты О.Айдарханов, пол капитаны Н.Баяхметпен бірлесіп, Үшарал қаласы бойынша көлік жүргізушілерінің көлік құралдарына салынатын салығын тексеру мақсатында рейд жұмыстарын ұйымдастырды.Рейд барысында көлік иелеріне салықтық міндеттемелерін уақытылы орындаудың маңыздылығы түсіндіріліп, берешегі бар азаматтарға тиісті ақпараттар берілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті азайту азаматтардың салықтық сауаттылығын арттыру және салықтарды уақытылы төлеу қажеттігін түсіндіру.Құрметті көлік иелері! Салықтарды уақытылы төлеу – әр азаматтың заңмен белгіленген міндеті.Салық берешегіңіз бар-жоғын алдын ала тексеріп, төлемдерді белгіленген мерзімде жүргізуіңізді сұраймыз.

Үшарал қаласында көлік құралдарына салынатын салық бойынша рейд жұмыстары жүргізілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1283078?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді