
📌 МӘС-тен өту үшін қандай құжаттар мен медициналық мәліметтер қажет?
Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) азаматтың денсаулық жағдайын, ағза функцияларының бұзылу дәрежесін және тыныс-тіршілігінің шектелуін объективті бағалауға мүмкіндік беретін құжаттар мен медициналық мәліметтер негізінде жүргізіледі.
МӘС-тен өту үшін төмендегілердің болуы қажет:
🔹 жеке басын куәландыратын құжат;
🔹 медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама;
🔹 денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді қамтитын медициналық құжаттар;
🔹 зертханалық және диагностикалық зерттеулердің нәтижелері;
🔹 жүргізілген тексеру және емдеу туралы медициналық құжаттамадан үзінді көшірмелер және өзге де мәліметтер;
🔹 қажет болған жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттар;
🔹 азаматтың нақты жағдайына байланысты өзге де құжаттар.
❗ Маңызды: медициналық мәліметтер өзекті, толық әрі дұрыс болуы тиіс. Ұсынылған құжаттар денсаулық жағдайын және тыныс-тіршіліктің шектелу дәрежесін объективті бағалауға мүмкіндік беруі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1283163?lang=ru

Жауап қалдыру