Полиция полковнигі СҚО-да ер адамды өзіне қол жұмсау әрекетінен қайтарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары өзіне қол жұмсамақ болған петропавлдық ер адамды екі пышағын беруге көндірді.

Петропавлда отбасылық жанжал қайғылы жағдайға айнала жаздады. 11 тамыз күні сағат 23:00-ден кейін Батыр Баян көшесінде ер адам әйелді аңдыған. Өтіп бара жатқан адамдар оның қолындағы пышақты көріп, полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына патрульдік полиция, жедел қимылдайтын арнайы жасақ және басқа да қызметтердің қызметкерлері, сондай-ақ медицина мамандары дереу жіберілді. Ер адам екі пышақты алып, бірін ішіне, екіншісін тамағына тақап, өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан.
Жағдайдың күрделілігін ескере отырып, сыртқы қызмет қызметкерлерімен бірге оқиға орнына СҚО ПД бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин де келді. Ер адамның психологиялық жағдайын бағалаған ол онымен диалог құрып, пышақтарды беруге көндірді.

«Мен онымен сабырлы, жылы қарым-қатынаста, қысым көрсетпей сөйлесуге тырыстым. Ең бастысы — қандай жағдай болса да, орны толмас әрекетке бармай, кез келген мәселені шешуге болатынын түсіндіру болды», — дейді полиция полковнигі Ғабдуллин.

Қазіргі уақытта бұрын сотталған 41 жастағы қала тұрғыны әкімшілік қадағалау талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оған сағат 22:00-ден кейін үйден тыс жерде болуға тыйым салынған. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық және полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау фактілері бойынша материалдар жинақталды. Алдағы уақытта ер адаммен профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1283232?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді