
Ақтау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, жасанды жол кедергілерін орнату және жаяу жүргіншілер өткелдерінің жолақтарын сызу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар Ақтау қалалық полиция басқармасы жүргізген кешенді тексеру нәтижелері, сондай-ақ тұрғындардан келіп түскен өтініштер негізінде ұйымдастырылуда. Әсіресе, мектептер, балабақшалар, балалар ойын алаңдары орналасқан аумақтардағы жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Жалпы жоспарға сәйкес, қала аумағында мың метр жасанды жол кедергісін орнату жоспарланған, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ақжол Еміл.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1283326?lang=ru

Жауап қалдыру