
2026 жылғы 28 тамызда Ұлытау облысы Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ұлытау облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл саясаты: ғылым және креативті индустрия» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және тіл мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға марапаттар табысталды.
Солардың қатарында Абай облысының лингвистика орталығының директоры Қуандық Кенжебекұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Аталған төсбелгі – қазақ тілін дамыту мен дәріптеуге, мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданысын кеңейтуге және тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан елеулі еңбекті бағалайтын ведомстволық марапат.
Қуандық Кенжебекұлын жоғары марапатымен құттықтаймыз!
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, қазақ тілінің дамуына қосар үлесіңіз арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1283361?lang=ru

Жауап қалдыру