Қ.Қажидың сайлаушылармен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облыстық мәслихатының «Ақ жол» партиясынан сайланған депутаты Қажи Қайыр Қабыланбайұлы өзінің сайлау учаскесі 15-орта мектепте қала тұрғындарымен кездесіп, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 21 бабының 2 тармағына сәйкес мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары және өзінің депутат ретінде атқарған қызметі туралы есеп берді.

Аталған жиынға Жетісу облыстық мәслихатының депутаты, Жетісу облысы бойынша “Ақ жол” ҚДП филиалының төрағасы Егінбаев Ермек Молдақұлұлы мен Талдықорған қалалық маслихатының депутаты Оразбаев Шалқар Елісұлы қатысып, атсалысты.

Кездесуде халықтың көше жарығы, ойын алаңдары, қоқыс тастау орыны мен білім саласындағы өзекті мәселелрі тыңдалды. Алдағы уақытта тұрғындар талаптарының заң аясында шешу жолдары қарастырылып, тиісті мемлекеттік мекемелерге депутаттық сауалдар жолданатын болады.

«Ел сеніп тапсырған аманатты арқалау — үлкен жауапкершілік. Сол себепті, депутат ретінде барынша елмен етене байланыста болып, туындаған мәселелерді шешу үшін атсалысамын», – деген облыстық мәслихат депутаты Қайыр Қабыланбайұлы барлық өтініш-тілектердің назардан тыс қалмайтындығын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/983204?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді